Posted in

ЖАЛАҢАШ ҚОЛМЕН ОТ КӨСЕГЕНДЕЙ (КӨСЕЙДІ)

Әлдебір қиын, қауіпті істі еш дайындықсыз, жалаң қолмен атқару хақында. ~ Сырым батыр бекініс-қамалдарға шабуылдап, өрт қойдыртса, кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен қақтығысып, жалаңаш қолмен от көсегендей болды. Р.Мұх. ~ Мал мен жанға бай беделді рудың бетке ұстарлары шеңгеліне толмайтындарды қыжырта сөйлеп, қамырдай илесе, қайсыбірі жалаңаш қолмен от көсегендей шыжбалақтай бастайды. С.См. ~ … ұлтым десе жалаңаш қолымен от көсейтін жігіттер ғана бірде желдің өтінде, бірде от-жалынның бетінде, Жайсаң өнеркәсіпті әрі ауылшаруашылықты күрделі аудан болған соң Серікті еркіне қоймай дедектетіп алып кетіп еді, көптен төбең озбасын деген осы. Қ.Ысқ.