Қиындықты көп көрді, тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерді. ~ – Иә, түрмеге отыру да оңай емес деңіз! Дұрыс қой. Он жеті жыл жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қар кешіп, дүниенің өзге қызығын ұмытып, мал соңында салпақтайын. Д.Исаб. ~ Жалаң аяқ жар кешіп, Қызыл аяқ қыр кешіп, Қыр гүлімен бірге өсіп, Қыр желімен бірге есіп … М.Мақ. ~ Мен бейбақ сені жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп, жесір жүріп өсіріп едім, жетпегір. Сондағы көрсеткенің осы ма?! Ел-жұртқа масқара қылдың! Н.КЕл.
