а) Кеудесі ашық, лыпасыз. ~ Сүлкей жауап қайтарудың орнына біртүрлі ұяң жымиды да, басын көтеріп, басын Кеңестің жалаң төсіне қойды. С.Елу. ~ Алшағыр жалаң жейде, жалаң төс. Батырың бар екен, жейде ішіне кім кіріп шыққан, қар, төс еті білем-білем. М.Қаб.
ә) Ашық-шашық, жарақсыз. ~ Мына жұртқа басу айтпасаңыз болатын емес. Қару-жарақсыз, жалаң төс батырлар бір-бір атқа мініп бандыларды қумақ. Б.Қыд. ~ – Ожар бірдеме ойына түскендей Қоңырқұлжаға бұрыла қарады, – жаңағы айтқан батырларыңыздың бәрі, Жоламан сұлтаннан өзгесі кілең ашық кеуде, жалаң төс кедей сарбаздар екен… І.Ес.
б) Ештеңеден тайынбайтын ер жігіт. ~ Содан жүз елу жыл кейін, құл мен күңнен туған, жалаң төс батырлар Қияқ пен Тұяққа кезек келген. І.Ес. ~ Той десе сабағы болмақ түгілі одан зорғысын жинап қоятын осы ауылдың желөкпе жалаң төстері қандай, шулап- шұрқырап, сол үйдің төңірегінде бықып жүр. К.Сег. ~ … бар бояуы құлпырып тұрегелген қызықты жастықтың қимас сезімімен қызуы жалындаған жалаң төс жігіттіктің желікті құмары қайта табысты ма, әйтеуір, батырдың сазарған жүзі күреңітіп сала берді. С.Смат.
