Posted in

ЖАЛПАҚ ШЕШЕЙ

Жұрттың бәріне жаққысы келетін, көрінгеннің көңілінен шығуға тырысатын жан. ~ Оттамашы, кекеш неме! Жасынан жалпақ шешейін! Ермек ескі жұмысшы, оны өсіре береді. Бізді таптай береді. Ғ.Мұст. ~ Жəне керегі не сол… жұрттың бəріне жалбаңдай беріп!.. Немене, жалпақ шешеймісің?!. Ау, бірақ бұл ақындықтың кесірі болар-ау! А! Солай ма екен?.. З.Қаб. ~ «Япырау, көлеңкеге тон пішіп жүріппіз ғой. Аманбаев – бюрократ, кіді… пәлен-түген дегеннің бәрі сандырақ. Әйтпесе, өзім деген адамға міне, бүгінгі сөзі қандай, пендешілік мінезі қандай. Іс басындағы кісі көрінгенге жалпақ шешей боп жалпылдай берсе, бүкпе-қалтарысы жоқ жайдақ болса – не қадыр, не абырой оған. Т.Сәу.