Posted in

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ

Көпке ортақ; баршаға қатысты. ~ Өйткені ел басына түскен зауал жалғыз мұның шаңырағына емес, жалпыға бірдей түсті. Үріп ішіп, шайқап төгетін байлықтың біздің басымыздан кетіп, өзгеге бұйырғаны болар, енді тек амандығымызды тілейік деп еді. Ол тілегінің орындалмайтын реті бар. О.Көш. ~ Жасынан жоқшылық қиындығын бастан кешіріп келе жатқан ақын бұдан шығар жолдың жалпыға бірдей азаттық жолы екенін де жақсы біледі. Ү.Жәл.