Жан-жағына құлақ түріп, секем алып, елеңдеу туралы. ~ Ауыл үйден өзінің ақылшыларын шақырып, сасқалақтап жеткен сақалды байларға әп-сәтте үй толды. Жалтақ қаққан, жаны тәтті байлар «са, са » десіп, алды-арты жиналып, не екенін біліп болғанша екінші қостан да хабар жетті. Ж.Ах. ~ Үлкендер шұғыл, көріне шөгіп бара жатқан. Жас жан төрдегі елге жалтақ қақты, бірақ ешкімнің жүзін, не жанарын ұшырата алмады, түгел төмен тұқырыпты. Ж.Нәж. ~ Әсіресе, мыңды айдап отырып мыңк, етпей, түбі не болар екен деп, әліктің артын бағып, жалтақ қағып отырған байлар Бопайдың ашу-ызасын туғызды. Оны ол ереуіл кеңесінде ашық та айтты. С.Ақт.
