Posted in

ЖАЛТ ОЙНАДЫ

Найзағайдың жарқылы туралы. ~ Көп күркіреп, жалт ойнап жетті түзге Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр. Жұб.Молд. ~ Аспанның бір қанатын күңіренте сындырып, сөйткенше, күн күркіреді. Жалт ойнады. Есі шығып кетті Хансұлудың. С.Ел. ~ Мәссаған! — деді, түнеріп түн басқан төменгі ағыс жаққа бұрылған Дәу апа. — Жалт ойнап келеді, адыра қалғыр, жауын жауып кетер ме екен? С.Ел.
Көзінен от шашты. ~ Бозбаланың құштарына айналған ермекке сеп болған Әйгерім қыздың жалт ойнатқан нұрлы жанары ғой. С.Сағ. ~ Қыз ағасы – досымен әңгіме құрған боп отырып, қағаберісте бұған жұғысып, аз-кем сұхбаттасуға ықтияр Гүлмираға хатты ұсынды. «Сенің өзіңнен бе?» деді жанары жалт ойнатқан «Өзге цивилизация өкілі». С.Сағ.