А) Бойын аулақ салып, жолатпады. ~ Баяғыда басына ақ сәлдесiн орап ап, ас болған жерден қусаң да кетпейтiн молдалар кәзiр бұйымтайыңды айта бастасаң‚ аузынды ашырмай, зар илеп қоя бередi. “Алапасы құрсын”, – деп, жалына қол апартпайды. Б.Алд. . ~ Бастықтың жаны тәтті болмасын ба, жаңа ғана жалына қол апартпай тұрған неме сол арада көрер көзге жуасып, алдыма түсіп құрдай жорғалай жөнелмесі бар ма? Ә.Нұрп.
Ә) Үйретілмеген, асау, арда ат хақында. ~ Жалына қол апартпайтын асауды Нұрәлі көзіне көк шыбынды үймелетіп жұмыска салмақ. Міне солай, күшпен жуасытпақ. Б.Соқ. ~ Шындығында да өмір көкжиегінен аунап бара жатқан сәтте арман шіркіннің жалына қол апартпас арғымақтай жалт беретіні неліктен екен?! Г.Ниет.
