Ешкімді жанына жақындатпайтын арда мінез хақында. ~ Япырай, жаз бойы жалын сипатпай әбден әккі болған екен, мына асау, — деп өкінеді тағы бірі. Б.Мом. ~ Алыстан асқар тау, жақындағанда жан ағалар. Жиналыс, той-томалақ, өлім-жітім басымызды жиі қосатын еді. Жалын сипатпас асаудай өр, Тарбағатай тауларындай паң-такаппар көрінетін Қабдеш ағамыздан көбінесе ығысып жүретінбіз. Ж.Шәк. ~ Мамозы ана жылғы Әлимен болған дау, айтыстың үлкен жаңғырығы тұсында адам істемес бір ұшқары сұмдықпен өзге емес, жалын сипатпайтын, асау-асқақ Ма-шянь гонның өзін шатылдырғаны бар. Ж.Ахм.
