Posted in

ЖАЛЫ ТӨГІЛГЕН

Сәйгүлік аттың сұлулық сипаты. ~ Елпең – елпең жүгірсе, Ебелек отқа семірсе, Емендей белі бүгілсе, Жібектей жалы төгілсе, Күн – түн қатып желгенде Жер адымын қуырса, Жердің шаңын аспанға Жел құйындай суырса. М.Мөң. ~ Ауылға жақындай бере алдарынан жалы төгілген қарагер ат мінген тоқпақтай қара жігіт қарсы шықты. Ү.Жәл. ~ Жалы төгілген арғымаққа мініп ауыл сыртынан әрлі– берлі өтетін қияқ мұртты жігіт көз алдымнан кетер емес. О.Көш.