Posted in

ЖАЛҒАНДЫ ЖАЛПАҒЫНАН БАСТЫ

Дүниенің рахатын көрді, армансыз күн кешті, үріп ішіп, шайқап төкті. ~ Пүлішжан шын жігітін жана тапты, Жастықта ойнап-күлген балдан тәтті. Жалғанды жалпағынан басып өткен. Жырласақ біз жырлайық махаббатты. Б.Майл. ~ Басы үшеу, төртеу әлде алтау бола ма, Тілеш оған пысқырмайды да. Кластан класқа қатырып көшеді, асықты қатырып ойнайды. Қысқасы, жалғанды жалпағынан басып жүр. М.Қаб.