Posted in

ЖАЛҒЫЗДЫҚ КӨРДІ

Бар жақынынан айрылып, жетімсіреді, қиындық көрді. ~ Арбадан түсер-түспесте, кеңкілдеп әжесі де бас салды. Тұңғышбайдан айырылып, жалғыздық көріп, сорлы болғанын, құлынын сағынғанын айтып, кеп көрісті, мауқы жуырда басылмады. Ж.Айм. ~ Ақсақалдың Төлегенге, әсіресе, ренжігені: кешегі бәйбішеден өлідей, Ақбілектен тірідей айырылып, басына қара түн туып, жалғыздық көргенде сол шіркіннің бір көрініп кетуге жарамағаны еді. Ж.Айм. ~ Бiржан аға, тек өнер қадiрiн бiлгенiмiз анық болса, өмiр тiрлiкте басқа шауып, төске өрлеген өнердi ғана қадiр тұтайық. Рас, онда сiздiң аз болып, жалғыздық көруiңiз де хақ. М.Әу. ~ Адам жаны жетімсіремек. Құлазымақ. Жалғыздық көрмек. Өйткені, ондай Адам өз кеудесіндегі жанды өз Иесінен айырды. С.Елу.