Сүйенер ешкімі жоқ жан Алла-тағалаға ғана сенім артады. ~ Ол жүрегі белгісіз қауіптен қорыққандай болып: «А, құдай, ақсарбас!.. Кеселділердің отына күйгізе көрме, қарағымды! Жалғыздың жары құдай!» — деп тілеу тілеп жүрді… М.Әу. ~ Жалғыздың жары құдай деген, Қараман да мен сияқты басы жұмыр пенде шығар. Тағдырдың бұйрығын тәуекелге салып көрейін… А.Сей. ~ – Тұман торлап жүзіңді қалды ма-ай! Деуші еді ғой: «жалғыздың жары Құдай», Неге таси береді қаным ұдай?! М.Мақ.
