Posted in

ЖАЛҒЫЗ АТТЫ

а) Астындағы атынан басқа байлығы д.м. ~ Ол «өл» десе, өлгендеймін. Түрім мынау, жалғыз атты кедеймін. Неме қызыққанын білмеймін, ынта-көңілі маған ауды да кетті. Ж.Айм. ~ Қиялға беріліп отырған бұл бойжеткеннің аты Акжұлдыз. Оның көңілі нала, жаны жара. Ақжұлдыз жалғыз атты кедейдің жар дегендегі жалғыз перзенті. С.Дос. ~ Ал Тұяқ батыр, сен не дейсің? – Біздің бәріміздің тілегіміз бір. Өзбектің де, қазақтың да, қырғыздың да. Ташкентте жақыны жоқ Түркістан тұрғындарын кездестіре алмайсың. Өз күнін өзі әзер көріп жүрген Бұхар ұстасын жалғыз атты Тұяқ барып шапқанда не табады? І.Ес.
ә) Жапа-жалғыз келе жатқан салт жүргінші. ~ Дегенмен жас бөрiнi ықтырып алмақ болып: – Тарт тiлiңдi, қарақшыдай жол тосқан жалғыз атты, кiмдi басынып, мейманаңды тасытасың? К.Сег. ~ Ымырт түсті. Кешкі самал есті. Артынша жылаңқы жұлдызы жамырап, тұнжыр түн келді. Дәл осы сәтте жалғыз атты әлдекім Қорабайдың үстінен шығып қалып еді. С.См. ~ Ей, осы мен қайда барамын? Сондағы қорыққаным, жалғыз атты ма? Ол неғып жалғыз жүрген кiсi? Осындай мамыражайда кiсi шалқайып төрiнде тыныш жатпас па! Мұның осыншама ат сабылтқаны несi? М.Әбд.