Posted in

ЖАЛҒЫЗ АЯҚ ЖОЛ (СОҚПАҚ)

Ені тар, жаяу адам ғана жүретіндей бір ізді жол. ~ Жалғыз аяқ жолмен шұбап келе жатқан ағаларының ең соңында — Төлеген. Б.Тоғ. ~ Торыға қонып сетілген танаудай Бурылдан, оған мұнасып жатқан қалың қырқадан жалғыз аяқ жол тауып, бөктерлеп батысқа қарай тарттым. Б.Қыд. ~ Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің, Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның. Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман, Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның. М.Мақ.