Posted in

ЖАЛҒЫЗ ТҰТАМ

Кішкентай ғана, бір уыс. ~ Дүбірде бар екі ши, Маңайында жыра көп. Біздің әулет — екі-үш үй Жайлар еді жылда кеп. Жалғыз қазық – мына жұрт Мен дүниеге туған жер. Жалғыз тұтам шуда жіп Кіндігімді буған жер. Туған жермен байлаған Кетпестей ғып кіндіктен, Бар ма екен, — деп ойланам Мықты нәрсе сол жіптен! Ғ.Қай. ~ Бірақ, ондай қуаныштың алды-арты жалғыз тұтам қайыстай баянсыздығын танытып, баладан да, мал дəулеттен де ада боп шыға келді. Е.Мұх.