Posted in

ЖАЛҒЫЗ ІЛІК (ІЛІКТІ)

Ешкімі жоқ, туған-туыстан ада, салт басты, жападан-жалғыз. ~ Малды үнемі бір жамағайыны бағады. Үй-күйсіз жалғыз ілік біреу. Н.Дәу. ~ – Ең алдымен Қантай әжелеріңнің бақшасын шөптеп беріндер. Жалғыз ілікті кәрі адам ғой, батасын алындар. С.Омар. ~ Оның үстіне Бұлыш қазір бойдақ. Осыдан екі жыл бұрын әйелі өлген. Рас, кедей. Жалғызілікті жігіт. С.Елу. ~ Жаңа дүкен алдында жолқосшылық, білдіріп, ілескен сияқты еді, қай тұста көз жазды соған қайран. Ол еркінен тыс терең күрсінді. Иә, жалғызіліктілік те жаман. М.Сүн. ~ Көріп тұрыңдар, ертең тамақтарың ісіп, ауырып қаласыңдар. Көкем жоқ, мен жоқпын ақыл айтатын. Жалғыз ілікті мамамды әбден басынып, есіріп алғансыңдар әншейін”. М.Қаб.