Posted in

ЖАЛҚАУЛЫҚҚА САЛЫНДЫ

Түк істегісі келмей, шөп басын сындырмады. ~ Қол берушіге жарты дүниемді берер едім, – дейді. Сол елде бір ұры адам бар екен. Ол өмірі еңбек етпей, жалқаулыққа салынып, тек ұрлықпен күнелтеді екен. Б.С. “Сат. ерт.” ~ Әркім өз малына өзі қожа. Малды бағып-қақпай жалқаулыққа, маскүнемдікке салынғандардың аузы асқа, ауы атқа жарымаса өз обалы өзіне. Боранқұлдың ішкені алдында, ішпегені артында. Ғ.Біл.