Көпке созылмайтын қысқа мезет. ~ Осыны сезген жігіт жалқы сәттік саулаған сәулені таусап, кеудесін көріктей керіп ақырғы ауаны жұтып жатқандай асыға дем алды. О.Бөк. ~ Бәрі, баршасы жиналып келеді де бір рөлді жан-тәніңмен ойнап, мың-сан жүректі дір еткізген жалқы сәтің — үлкен өнер жолындағы алтын көпірге айналып шыға келеді сонан соң. Қ.Жиен. ~ Бар мен жоқ, өлі мен тірі, қуаныш пен қайғыға кезек жүгіріп шаршап, жалқы сәт көз шырымын алғандай, әлде алмағандай… О.Бөк.
