А) Тұрмысы түзелді; ауқаты артты, тойынды. * Жүріп өткен жерінде Қан аралас қалды-ау із. Жұмарланды, жал бітті, жұртты ықтырып, қаңғытты. С.Им. * Жал бітсе жабы дағы жан оздырмас, Құлағын текауармен теңгереді. Т.Ізт. ~ Рас, түнеукүні өлуге бет бұрып ем, енді Құдайға шүкір, сендерді кездестіріп жаман атқа жал бітті… С.Жүн.
Ә) Желік пайда болды; күш бітті; еңсесін көтерді, рухтанды. * Ревизорға аяқ астынан жал бітіп, айтқанға көнгісі келмейтін сыңайы бар. О.Сәр. * Қылқобыз кеудем шертеді нені? Жал бітті, кенет… жотама менің, Оқиғадағыдай ертегідегі. М.Рай. * Оның руластары мен сыбайластарына да аяқ астынан жал бітіп, аспандап жүретін әдет шығарды. О.Сәр. * Мақсат Сартаич жайсаң жігіт екен. Мал бітсе, жал бітіп, шалқақтап қалатын жаман байлар сықылды қытымыр, жәйсіз емес, сабырлы, кең мінез. Ағалап сыйлап тұрады. Т.Сәу. * Қораға бірер сиыр байланып, аузымыз аққа тие бастаған кезде, шешемізге де жал біткендей еді … Д.Әш. * Дыз-дыз етіп мен жүрмін. Еркінсиін деген екенсің ғой, жал біткен ғой саған. Тұра тұр, бұл аз, көзіңе көк шыбын
үймелетермін. А.См.
