Posted in

ЖАЛ-ҚҰЙРЫҒЫ КҮЗЕЛДІ

Мән-мағынасынан, өзіндік құндылығынан айрылды. ~ Өмір-ай, қырттың әні түзелді де, Қайран жыр жал-құйрығы күзелді де. Шарлайтын қазақ жерін асқақ өлең, Аяғын сала алмай жүр үзеңгіге. Ж.Сом. ~ Қасында сиқырлы дүниенiң есiгiн жарқ еткiзiп ашып, iңiрде соққан қоңыр желдей аңқылдап көне шежiре мен хисса айтып отыратын қордалы көкiрек қариясы жоқ бүгiнгi ұрпақ көр соқыр. Өткенi мен кеткенiн жал-құйрығы күзелген жалған «тарих» арқылы танып-бiледi. Т.Сәу.