Posted in

ЖАЛ-ҚҰЙРЫҒЫ МОЛ

Күшті, сымбатты д.м. ~ Жеткіншегі бар ма екен, Жал-құйрығы мол ма екен, Жә болмаса, жеңеше-ау, Жалғыз атты қу ма екен? “Қыз Жібек”. ~ Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере алады екен. Соның бірі — жал-құйрығы мол, денесі соған лайық қоңыр аты болған екен. Бұл қоңыр ат өрге келсе, қайыспайтын, еңіске келсе, қолтауламайтын ат екен. АӘ.