Posted in

ЖАМАН НЕМЕ

Біреуді жақтырмай, кемсіте атау. ~ Жаман неме, қайбір менің көңілімді сұрап келдім дейсің! – деді алқымына кептелген ақшулан қауға сақалын саумалай бір сипап алып. – Ана сырттағы сары қатынды шақыр. Соның шаруасымен келдің емес пе! Т.Сәук. ~ Олар бізге едірейіп қарасады. Бірін-бірі түртпектеп бірдеңелер айтады. «Еркінді қарай гөр, жаман неме, қасына әп-әдемі қыз ертіп апты» дейтін тәрізді. Б.Соқп.