Уақытынан бұрын үмітіңді үзбе, жамандық ойлама д.м. ~ С a р ы қ a р ы н ә й е л. Ойбай-ау, қаза болды демепті ғой. Ендеше үміт бар ғой. П о ч т а л ь о н. Көз жасыңды тый, Жаңыл. Жаман ырымға бастама. Тірі адам оралады. Т.Ахт. ~ Саған не болды, ерке қыз. Тірі жатқан кісіге адам дауыс ете ме екен? Ондай жаман ырымға бастама. Көрмейсің бе, жатыр ғой өз төрінде, өз төсегінде, – деді. М.Әбдіх. ~ Әр нәрседен секем алғыш жүрек соның өзін жаман ырымға бастайтындай көрмеді ме? С.См. ~ Ал, Ақан, айтып-айтпай не керек! Арманыңа жеттің. Әке-шешеміздің зиратын да кәпірлерге көтертіп, жаман ырымға бастап едің. Арты не болды? С.Жүн.
