Posted in

ЖАМБАСЫ ЖЕРГЕ ТИДІ

А) Қайтыс болды, көз жұмды. ~ Қандарыңа ортағым жоқ. Ендігісі өздеріңе байланысты. Айтпақшы,- деді атының басын бұра бере, – мынау сендерге… бүгін жамбасы жерге тиген әкемнен сәлемдеме… М.Мағ. ~Төрде емес, көрде хор қызының төсегі, Жамбасы жерге тиген соң көңілі жайланар. Ж.Жақ. ~ Шалғайдағы Ираннан қиырдағы Қытайға асатын керуен жолында талай адамның жамбасы жерге тиген. Т.Әл.
Ә) Күресте жеңілді. ~ Қалибек ағасы қырға шықса да Мырзаны қасынан тастамайтын. Ішсе де, жесе де зоотехниктің ветврачсыз күні жоқ, оның үстіне екеуі бірдей жамбасы жерге тимеген палуан, егіздің сыңарындай серік еді. Қ.Ысқ.