Posted in

ЖАМБАСҚА АЛДЫ

Жығып салды, қыжыртты. ~ Әмiр ендi еркiн күлiп: – Абай аға, тiлеуiң берсiн! Қашанғыдан бұрын үлкен әжемдi бiр жамбасқа алып, соғып бердiңiз ғой! – дедi. М.Әу. ~ Біздің қыздар жұлып жеп қойды ма деп едім… Бап тілеуіңе қарағанда балташы емес, байбатшаға лайық жігіт екенсің! — деп жамбасқа алды. Қ.Ысқ. ~ Ақынның шек келтірме тіл-жағына,
Ілінсең сау қалмайсың тырнағына. Жұрт күлгендей сөйлейді жамбасқа алса, Келтіріп қиын сөзді ырғағына. М.-Ж.Көп.