Posted in

ЖАНАП ӨТТІ

Соқпады, жанынан өтіп кетті. ~ Балықшылар арты шоңқиған күймені жанап өтті. С.Мұқ. ~ Күнбе-күн қайталанса да, қыр елінің өзінше бір қимас қызығы болып есептелетін осы бір көріністер бүгін Нүрет аулын жанап өткендей. Ф.Оңғ. ~ Түлкінің қарш еткен азу тістеріне көктемде түрлене бастаған ақ ұлпа жүндері ілікті. Төбесінен бұлттай түнеріп, аждаһадай түйілген ажалдың арасы қылдай ғана еді. Жанап өтті. Ғ.Жұм.