Posted in

ЖАНАРЫН ТІКТЕДІ

Шүйіле, тура қарады. ~ Ән әуенiнiң өзiне елтiп отырғандай. Байқатпай тағы да Тотыға жанарын тiктедi. Жымия күлiп, бүлдiрген ернi әнге ақырын қосылып отырғанын бiлдiрдi. К.Сег. ~ Басарыс та жауын баққан жыртқыштай, тасадан бой жасырып, қылта– қылыдан қыдия қарады. Көз жетер жер ғана емес, тіл жетер тұстан құлағын тігіп, жанарын тіктеді. А.Алт. ~ Ақсақал, мен бастық емеспін, – деп бұлтарып көріп едім, ол шүңірек сарғыш жанарын тіктеп, маған сынай қарады. Ә.Асқ.