Бойын билеген оқыс сезім көзінен көрініс берді. ~ Өзі де байқамай, Тазабек қатты күрсініп қалды. Қапез бетіне жалт қарады. Жанары жалт ете түсті. Тазабек ыңғайсызданып, қозғалақтап қалды. Б.Нұр. * Нәргүл бағанадан қолында бос жүрген шүберекпен аузын басып тұрып қалды. – Келiңiз, келiңiз? – дедi қыз жасаураған көз жанары жалт-жұлт етiп. Р.Рай. * Мөлдiр бұлақтай тұнық көзiнде от лаулайды. Жанары жарқ-жұрқ етiп тiлерсектен қан кешуге бел байлаған батырларша ашынған сұлудың қазiргi түрi екi жүздi қанжарды көз алдына ерiксiз көлденең тартып тұрғандай едi. Р.Рай. * «Біздің театрға алғаш келгенде одан көзімді ала алмай қалған едім, жанары жарқ-жұрқ еткен, ар жағында есті алып кетер тұңғиығы бар сол көзге арбалып қалдым ғой мен. Ж.Шам.
