Posted in

ЖАНАРЫ СӨНДІ

А Көзі жұмылды, денесінен әл кете бастады. ~ Жігіттің өңі қашқан, көзінің жанары сөнген, қабағын қайғы басқан. А.Байт. ~ Күн батты, таң атты, күндер мен түндер тізбектеліп артына бұрылмастан өте берді. Тек анда-санда су мен құрмаға қолын созып, қозғалмастан Дарну отыра берді… Бара-бара данышпанның көзінің жанары сөнді, денесі сіресіп, жаны кете бастады. А.Байт. ~ Тәңірбергеннің жас толған көзінің жанары сөніп бара жатты. Ә.Нұрп. ~ Кеуде тұстан кірген қос сүңгінің сабын сығымдаған Кенесары жанары сөне бастаған көзін төмендегі Қалиқұлға қадап: – Көрдің бе, тексіз ит, мен өліп бара жатқанда да сендерден найза бойына биік тұрмын, – деп қан көбік басқан езуін тартты да, сұлық түсті. С.Әбік.
Ә) Көңілі құлазыды. ~ “Оң жақ бетіндегі сөлкебайдың көлеміндей қап- қара қалы ғана өзгермегені болмаса, түр- сиқы әруейдей, аса жүдеу, селдірлеу сақал- мұрты, шашы үрпиген. Беті қанталаған. Жыртия ашылған көздері Таңжарықты көргенде, жанары сөне қалды. Т.Рыск. ~ Ол тіпті осы келе жатқанда атын қатар бастырып үзеңгі қағысып қалған кісілердің бары-жоғын да байқамай, жанары сөніп кеткен қимылсыз көзін алдына қадап телміріп алған-ды. Ә.Нұрп.

Б) Көзден айрылды, зағип болды. ~ Оның күні екі көзі еді. Қапияда шам- шырағы сөніп, дүлей қара түнектің астында қалды. Бір ғажабы, адамның көз жанары сөнгенде қиялына қанат бітіп, көкірегі кереметтей көреген боп кетеді екен. С.Ом.