Posted in

ЖАНАРЫ ҰШҚЫН АТТЫ (ШАШТЫ, ҰШҚЫНДАДЫ)

Тұла бойындағы ерекше сезім көзінен көрініс тауып, жанары оттай жанды. ~ Жерден аунап тұра бере, парасат тұнған жанары ұшқын атып, биязы қалпымен: “Құдіретіңнен айналайын, жер-кием!” дегенде, дидары лағылданып кетті. Ж.Аяз. ~ Әр экспонатты қолындағы қысқа, жіңішке таякшасымен нұсқап көрсетіп, мойынын соза, алға ұмсына түсіп сөйлеп кеткенде жанары ұшкын шашып, ақсары жүзі нұрланып кетеді. С.Дос. ~ Әлi де отты, жылылығы да, ызғары да мол көз жанары ұшқын шашады. Кейде сол жанар алысқа шаншылады. Р.Рай. ~ Содан соң өзі– өзінен шаңқ етіп. – Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашанда сөнбек емес! – деді жанары ұшқындап. О.Бөк.~ Аралбай ағасының иығына иығын сүйеп алған Түйтенің көз жанары ұшқындап кетіп отыр. С.См.