Posted in

ЖАНАР ОТЫ ОЙНАДЫ (ЖАРҚ ЕТТІ)

Оқыс әсерден селк етті, көзінде найзағай ойнағандай болды. ~ Бұған аңтарыла қараған келіншектің ежелгі ыстық қара көзіндегі өшпеген жанар оты ойнап, бір жалт еткендей болды. І.Жан. ~ Енді есік пен төрдей қашық жер астына түсіп кеткен шыңырау екен, ала көлеңкеде шұғыл келген ордан атты тартуға дәрмені келмеді. Тек жанар оты жарқ еткендей көзін жұма берді. І.Жан. ~ Сіңірлі, кәрі шеңгелдің көйлек етегінен қалай бүргенін келіншек сезіп үлгермеді, жанар оты бір жарқ етті де, аржағында дүйім дүние қып-қызыл боп, ызыңдап еріп жүре берді… Ж.Нәж.