Posted in

ЖАНДЫ ЖЕРІ

Осал тұсы. * Соңғылардың сөз төркінінің бір жанды жері бар еді. Колхоз бастығы — Нұғыман оған: «Өзің қалаған бір жұмысқа шық, мұндай кезде үйде жатқаның келіспейді»,- деп екі дүркін кірген екен, бірақ Ырысбек сазарған күйде онымен мүлде сөйлеспей қойыпты. С.Мұр. * Жанды жеріне ащы таяқ тигендей шыр- пыр: «Тойы құрысын, Рыскүл- ау, той құрысын! Ұлан- асыр той жасайтындай мен кім едім соншалық?! Қ.Жиен. * Ғалия әңгімені алдымен отбасымнан бастауды сұрады… Қап- п! Менің қашқақтайтын да, мүдіретін де жанды жерім осы отбасы әңгімесі ғой. Ә.Асқ. * Келіншектің аяқ астынан қитығы ұстап қалды. «Үй» десе, жыны қозама-ау, əйтеуір сол тақырыпты қозғаса қырсығып қалатын болып жүр. Ең жанды жері сияқты. Аяқ астынан өзін қор санап қалады. С.Досж. * Ұсақ мінез адамның жүйкесін тоздырып, тез қартайтатынын білесің ғой. Кәрілік – оның жанды жері. Д.Ис.