Posted in

ЖАНДЫ КӨЛЕҢКЕ

а) Аурудан, қайғыдан қатты жүдеп, құр сүлдесі қалған адам туралы. * Осы алты ай ішінде ой соқты боп Роза әбден жүдеп бітті. Жанды көлеңке сияқты. Аяқ-қолы қимылдап бірдеңе істеп жүр деген аты ғана, не тындырып, не қойғанын өзі де білмейді. Т.Сәу.
ә) Біреудің айтқанына шықпайтын, қасынан қалмайтын жан туралы. * Шықса шығып, кірсе кіріп, Тотының басқан ізін аңдитын. Не керек, күйеуі Тотының жанды көлеңкесіне айналған. Ү.Жәл.