Posted in

ЖАНДЫ СӨЗ

Мән-мағынасы зор, көкейге қонымды сөз. * Ах, солай ма еді?—деп қалды Нұрмолда,— солай ма еді. Сөзің ұтымды, жанды сөз. Біз өзімізден кейінгі өсіп келе жатқан жігіттердің қандай екенін, қалай өсіп келе жатқанын көп біле бермейміз. С.Бақб. * Келешекте одан да ықшам атау табылса, оны және қабылдаңыз. Ымдасқанға шейінгі сөздің бәрі – жанды сөз. Ұзартушылар өзінен- өзі табылды. Т.Әлімқ. * Қанжығалылар мына жанды сөзден үрейленейін деді. С.Жүн.