Тірі адам, жаны бар пенде. ~ Тер қатқанын біліп, жаман тымағын жалп еткізіп қайта киді. Не дегенмен жанды қарға ғой, борбайы тырбыңдап, жер кенеше қыбырлап келеді. Ж.Айм. ~ Жаздай жайлап елдің шаңын шығарып тастаған жайлауын қақ жарып құбылаға бет алып келе жатырмыз. Жанды қарға жоқ. Бірен-саран шалшық сулардың басында ұялып отырған топ-топ қаздарды көресің. Б.Май. ~ Масқарасы, сұмдығы сол – Альбомымды ұстайтын қол – Қайтем егер, жанды қарға қалмаса, Ешкім мені салыстырып, салғастыра алмаса, Онда менің «өзгелерге ұқсамайтын – өзгеше жан» болғаным, Кімге керек, кімге керек – далбаса! К.Мырз.
