Теңдесі жоқ, өзгеден артық. * Тал шыбықтай бұралған өзі керім, Мінекей, оны айтатын келді жерім. Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян, Сипаты жаннан асқан ол бір серім… “Қозы Көрпеш …” * Жаңа қараңғыда байқамаған екен, көз тоқыратып қараса — жаннан асқан перизат: аппақ өңінде әр жерде бір ұсақ мең, күлімдеген қара көз. Ғ.Сл. * Өзі кепті кектесім Қара Бақы, Жаннан асқан болса да дара Бақы. Ажал айдап мұнда оны келген болар, Қара да тұр, Тұрмамбет, қара да тұр. А.Өт.
