Posted in

ЖАННАН КЕШТІ

а) Жанынан түңілді, өмірін баз етті. ~ Сол кездері бір көрген Шыбын жаннан кешкендей. Сылдырап Жібек келеді Отауға қарап сескенбей. “Қыз Жібек”. ~ Әлде өңім, әлде түсім болар ма екен, Қалайша айналғаны мынау бастың?.. Жындандым, ажал айдап жаннан кешіп, Ақ сапы кетпес
пе екен ішімді есіп! І.Жанс.
ә) Басын өлімге тікті, тәуекелге барды. ~ Алғашқы бетінде ол ұдайымен екі жылқышыны екі-ақ салып, бірі артынан бірін омақата түсірді. Әуелгі қатты, қанды айқас шынайы “жаннан кешкен” намыскер қызу қайрат қақтығысы болды. М.Әу. ~ Оның ар жағында бір адым жерде терең құз, қиын қызыл тас. Жаннан кешіп ептеп түссе, көп көрген жаяу ғана түседі. Ат маңына бара алмайды. М.Әу.