Қайғы шектірді, қасірет-мұңға душар қылды. Өлтіремін мен сені, Жүректе қалды шеріміз. Жаныңа қайғы салайын, Басыңды кесіп алайын, Сүйегіңді ұндайын. Берірек, Әли, кел, – деді. “Зарқұм”.~ Қош енді, жанған жаным жана берсін. Басыма кетпес қайғы сала берсін. Құдая, сол Қамарды бақытты қыл деп, Ғашығың қолын жайып қала берсін”. С.Тор. ~ Бірақ атаң қазақ «болыста сүт жоқ, баласын су асырайды, қоянда сүт жоқ, көжегін ну асырайды» дегенде осындайды айтқан. Ешкімі жоқ кемпірді басына қайғы салған Құдайдың өзі асырайды. Ж.Ахм.
Көңіліне кірбің түсірді, ренжітті. ~ Мен егер адам екенім рас болса, өз қатемді түзетіп, мамамның ойынан шыға білуім керек. Мен мамам мен папамды бақытсыздыққа сүйрелемей, олардың пәк жанына ақау салмай… сонда не істеуім керек? Ә.Тар.
