Жақын тартты, көңілі қалады, жылы қабылдады. ~ Оның қазақ даласында қалыптасқан ежелгі әдет- ғұрыпты ізетпен сақтағаны жиналған жұртқа ерекше әсер етіп еді. Енді бәрі де оны бауыр тартып, жанына жақын тұтып алды. Б.Мом. ~ Бұл қыздың мұны ерікеннен ермек етуі ме, әлде жай әзіл ме, әлде… Әлде ащы қалжындай тұра, жанына жақын тұтып наздана еркелеуі ме — қойшы жігіттің әйел заты жөніндегі болымсыз тәжірибесі ештеңені пайымдай алмады. С.Ас. ~ Сәл ғана үнсіздіктен кейін, білмейтіні көп жас бала қартты жанына жақын көріп, әңгімені ары қарай жалғастырғысы келіп, көкейінде тұрған сауалын айтып, шерін тарқатты. А.Әлт.
