Жанын жаралады; көңілін қалдырды, қамықтырды. ~ Одан бері де талай уақыт өтті. Адамды аяғыш күйрек сезімдер қазір қу томардай мұжылған. Қырғын соғыстар азалы жанына қаяу салып тасбауырлыққа үйреткен. І.Ес. ~ Өзінің ғана ар-намысын ластап қойған жоқ, ол біздің ақ жанымызға да қаяу салды ғой, Сапардың үстінен арыз жазыпты… Ә.Әл. ~ Қазыбек бұл сөзімен Тайманның жанына қандай қаяу салғанын сезген жоқ. Өйткені Сәуле мен Нұрланның Тайман білетін сырын ол
білмейтін. Сондықтан, ол Тайманның тұншығып қалғанын аңғармаған. Ә.Әб. ~ Мәселе менің жеке басымда ғана болса ештеңе емес қой! Сендер сол қылықтарыңмен Сағат пен Сәнияның жанына қаяу салмадыңдар ма! Онсыз да қыл үстінде тұрған Ғалияның халі енді қалай болмақ? Ә.Тар.
