Posted in

ЖАНЫН АЛДЫ

а) Өмірін қиды. ~ Ал анау Текежан ініңізді тергейтін Мүңкір-Нәңкүр де, жанын алатын әзірейіл де менмін. Ә.Әб. ~ Жолдасы хан қызынан қайтып келді, Бір сұмдық болғанын енді білді. Кемпірдің ашуланып жанын алды, Қылыш тұтып кемпірдің басын кесті. “Бозжігіт”.
ә) Маза бермеді, тықыршып, әлекке салды. ~ Күні бойы алдына түсіп, ирелеңдеп ілгері жетелеп келе жатқан дала жолы кейде алдағысы келгендей жусан арасына бұғып жасырына қап, іле-шала “мен мұндамын ғой” дегендей әлдебір қоңыр төбенің баурайынан ақсия қалады. Сол кезде бұ да көңілденіп: – Бала, бас! – деп шофердың жанын ала түседі. Ә.Нұрп.