Posted in

ЖАНЫН ЖАЛДАДЫ

а) Тыным таппай еңбектенді; бар күш-қуатын сарп етіп, аянбай әрекет етті. ~ Бізді асыраймын деп жаныңды жалдап жүрсің. Ә.Нұрп. ~ … адамның адамдығы үшін, адамның əманда тек адам боп қалуы үшін жанын жалдап өзінше, өз мүмкіндігінше тұтанып жанғандар – жалын атқандар, ұшқын шашқандар қайда? З.Қаб. ~ Дарияны тасытып жатқан сол жас, соның молдығы. Бұл жанын жалдай ұмтылады. Жар-жар толқындар жаңғақша атып, жақындатар емес. Ж.Нәж.
ә) Жанын, өнерін, ар-ұятын саудаға салды. ~ Ел ақтаған бiр ақын болушы едi.Тiлiн безеп, жанын жалдап, тiленшiлiкпен байды сауып, сөз қадiрiн сол кетiрушi едi. Үн түзеген бiр әншi болушы едi. Кiм көрiнгеннiң қосшысы. Әр кез, әр мырзаның қосалқысы. Ән қадiрiн түсiрiп, бiр атым насыбайдай, арзан етiп едi. Сен әндi босағадан өрлетiп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының-ақ қадiр-қасиетiңдi тануға жетiп тұр! – дедi. М.Әу. ~ Жұмысы замананың сауда – сату, Арам боп ылғи түнге таң боп ату. Дүние – дос, малға құмар жанын жалдап, Табылмас, емге іздесең, екі тату! М.Ж.Көп.