Жанын алды, өлтірді. ~ Зырлап тұрған газик машина түу сонауда, кең даланың төсін тұяғымен шиырлап, жусан бүрін жеп жүрген бағланды алып келді, қылпыған пышақ пақырдың жанын жаһаннамға жіберіп, ту денені мүшелеп бұза бастады. Д.Дос. ~ Қалың жаудан қазағымды қайтсем қорғаймын деп бірнеше жолғы соғыста бір өзі соғыста бес қалмақты жекпе-жекте өлтірді. Соның бәрі қалмақтың батыр, дойырлары еді. Қаптама ұрыс жалпылама соғыста ондаған жоңғардың жанын жаһаннамаға жіберіп алашқа аты жайылды. Ж.Ахм. ~ Иә, бұл адамның қолы білегіне дейін қанға батқан еді. Ол бүкіл өмірінде нешебір бейбақтың жанын жаһаннамға жібергенін өзгені қойып, өзі де білмейтін шығар. Дж.Лонд.
