1а) ш құса болды, уайымға салынды, бір нәрсені ойлап, қатты мазасызданды. * Осындай ауыр ойлар жанын жеп, жігері құм боп, ішкені ас болмай, бітеу жара асқынып жүргенде, бір күні қораның ішінде қасына қатыны келіп: — Қызың толғатып жатыр!— деді. Ж.Айм. * Екі сөзінің бірі — “ой, жаным-ай!” Күлсе де, кейісе де, отырса да, тұрса да — “ой, жаным-ай!” Жанын жеп, көкейін тесіп бара жатқан ненің күйігі, ненің қызуы екенін Бекет біле алмай-ақ қойды. Қ.Ысқ.
ә) Азапқа салып, қинады. * Қайсібір ұшқыр жүйріктер сияқты екі аттың басы қосылса, ауыздығымен алысып, жанын жеуді де білмейді, салмақты, сабырлы қалпын бір жоғалтпайды. К.Сег. * Нашардың қанын сорып, жанын жеген, Хан емес, қара қабан деген екен! І.Жанс.
