Posted in

ЖАНЫН ЖҮДЕТТІ

Көңіліне қаяу түсірді. ~ Міне, арада екі ай өтсе де, осы көрініс, өкініш ойына қайта оралып жанын жүдетіп отыр. Бүгін ол оқуға түспегенін естіді, конкурстан өтпеді. «Көкеме хабарласам ба? Не істесем? Түспей, ауылға қайтпайым дегенім қайда? Не дейді, не дейім? М.Сүн. ~ Ауылдан жырақ, иен жерде жалғыз адамның тамаққа да тәбеті соқпайды екен. Гүлзинаның қасымда жоқтығы жанымды жүдеткендей. Ә.Асқ. ~ Нұрланның ашыққан асқазаны да, шалдыққан денесі де азықтанып жадырай бастады, бірақ жаны жүдеу қалпынан көп өзгерген жоқ. Оның жанын жүдетушінің бірі осы қыз. Неге екені белгісіз, осы қыз Нұрланды көрсе шаттығы шалқып сала беретінді шығарды. Ә.Әб. ~ Үйде ақсақ аяғы сыздап, далаға шыға алмай жатқан кәріп күйеуі Әйтеке де, әкесінің мүгедек халі мен інісінің өлімі жанын жүдетсе де бәрін ішіне түйіп, жан сырын тебен инемен әдіптеп тастаған … Қ.Жиен.