Сипаланды. ~ Жанын қармағанда қолына құтысы ілікті. «Иә… Иә… Әлденіп алу керек!» Құтының тығынын әрең ашып, қос қолдап бүйірінен қысып басына көтерді. Ащы салқын арақ өңешін өртеп кетті. Т.Ахт. ~ Дереу мойнындағы шиті мылтықты жұлып алды, бірақ білтелі мылтықты ату кеш екенін түсініп, лақтырып жіберіп, жанын қарманды. Кіседегі қынынан бұғы-мүйіз сапты кездекті суырып алғанда аю да есіктен көрінді. А.Алт.
