Posted in

ЖАНЫН (ҚҰШАҒЫН, КЕУДЕСІН) НҰРҒА ТОЛТЫРДЫ

Жанын жылылыққа, махаббатқа бөледі. ~ Осындай жылы лебіз, жүрекжарды пікірлер Аққу-ақынның қанатын қатайтып, жанын нұрға толтырды, көңілін көкке өрлетті. Б.Жақ.~ Қайтесің, қазақ үшін немереден тәтті ештеңе жоқ. Құшағыңды нұрға толтыратын, апыл-тапыл басқан әр қадамына емпеңдетіп қоятын, балдыр-бұлдыр тілімен емешеңді үзетін құдірет иелеріне ләппай қызметші қылған Жаратушы бұйрығына мың да бір тәубе! Ж.Кем. ~ Серпілейін… жан жағымнан «жел» тұрып, Көкпен, жерден көздеріме көл тұнып.Сосын… ұшып кетсем деймін бір жаққа, Кеудемді нұрға толтырып!… Қ.Бұғ.