Posted in

ЖАНЫҢ ШЫҚСЫН (ШЫҚҚЫР)!

Біреуді жазғыру ретінде айтылатын ұрсу сөз. ~ Жаның шықсын! Нұрбикені сағынып отырған шығарсың! Келмей қалғанына қуанған шығарсың. Ай, бір өрісің кеңіп, арманыңнан шығатын болдың-ау!.. Қ.Ысқ. ~ Майор Капустин қағазды бес саусағының ұшымен бүріп ұстап, шошайта көтерді. «Өтірік айтсаң жаның шықсын, шын болса, нұр үстіне нұр», – деп тұр жайнаған көздері. С.Ом. ~ Ой, жаның шыққыр- ай, өтірікті соғуын… Апай, мұның ауырған түгі де жоқ, сізді алдап тұр,- деді Мәри саңқылдай сөйлейтін әдетімен бүкіл ауылға жар салғандай. С.Мұр.