Posted in

ЖАНЫ АШЫДЫ

Аяп кетті, мүсіркеді. ~ Кімнің жаны ашымас бүл күйіне, Қарғыс айтпай қала ма сот биіне? «Махкемеде тұрғанда жын соқты», — деп, Андрейді апарды өз үйіне. Шәк. ~ Сол торғайдың маңайында жаны ашыған арашашы жандарша, төрт-бес торғай айнала ұшып, таяу-таяу бара түсіп, ап кетуге тас қорғанды бұза алмаған ерлерше тиіп-қашып өтіп жатыр о жаққа бір, бұ жаққа. Ж.Айм. ~ Осы сертіңде тұрсаң болғаны. Менің саған жаным ашиды, – деп Айман қайталап, шегелей айтты. Ә.Шәр. ~ Қыршын кетті- ау деп, бір кездері Құмарқанға жаны ашушы еді. Ә.Асқ.